Атырау облысының 6 мектебінде үш ауысымдық білім беру жойылады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz .
Жыл сайынғы тамыз кеңесінде Атырау облыстық Білім басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев айтып өткендей, қазіргі уақытта жалпы 2100 орындық 3 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ 2 мектепке 120 орындық ғимараттар жапсарластыра салынуда.
«Құрылыстар ағымдағы жылы аяқталады. Нәтижесінде үш ауысымды 6 мектептің мәселесі шешілетін болады», – деді Сатқан Есенғалиев.
Айта кетейік, облыста бүгінде үш ауысымды 12 мектеп, 5 апатты мектеп бар.