Social
Ақтауда құбырдан ер адамның денесі табылды
Ақтау қаласының11а шағын ауданында ер адамның денесі құбырдан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиғаны МО Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Аталған дерек бойынша, сот-медицина сараптама тағайындалған.
«Мәйіттен қандай да бір зорлық белгілері табылған жоқ. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді баспасөз қызметі.