SocialБасты

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Бала – бауыр етіміз. Олар – еліміздің ертеңі. Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді әрі жан-жақты болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды. Балаларымыздың болашағы баянды болсын! – деп жазды Президент», – деп жазды президент. Еске сала кетейік, мемлекет басшысы кеше 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай өзінің Twitter парақшасында арнайы жазба жариялаған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button