PoliticsБасты

Президент жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Сапар барысында Президент иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауытқа барып, вакцина әзірлеу барысымен танысады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы әлеуметтік нысандарды аралап, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есебін тыңдайды», – деп жазды Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақщасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button