Басты

Алматыда ауаны бақылау үшін 10 автоматтандырылған станция орнатылды

Ауаны бақылау үшін мегаполистің әр бөлігінде 10 автоматтандырылған станция орнатылды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасының бастығы Наталья Ливинская айтты, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

«Карантин кезеңінде сарапшылармен, экологиялық және көліктік қоғамдастықтардың өкілдерімен бірге қоршаған ортаны жақсарту бойынша қысқа мерзімді іс-шаралар жоспары жасалды. Қаланың әр жерінде ауаны бақылау үшін 10 автоматтандырылған пост орнатылды. Осылайша алматылықтар ауа сапасын Led-экран арқылы бақылай алады»,–дейді

Оның айтуынша, атмосфералық ауаның ағымдағы жағдайы туралы ақпарат Led-экранға 26 датчиктен келіп түседі, ақпарат күніне үш рет жаңартылып тұрады. Қосымша тағы 10 мониторинг станциясына қосу жоспарда бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button