EconomyБасты

Елімізде бензин тағы қымбаттауы мүмкін

Бір жылда елде бензин құны 14,8%-ке өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шілдеде республика бойынша АИ-92 маркалы бір литр бензин орта есеппен 173 теңгеден сатылған. Маусыммен салыстырғанда 0,9%-ке жоғары. Өсім алдағы уақытта да жалғасуы мүмкін. Мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдинов осындай болжам жасады. Оның айтуынша, қазір Павлодардағы мұнай өңдеу зауытында АИ-92 нің көтерме бағасы 6-7 теңгеге қымбаттады. Бір екі апта ішінде бұл жанармай құю бекеттеріндегі бағаға әсер етеді. Сондай-ақ көрші Ресейде де жанармай жыл басынан бері 6%-ке қымбаттады. Мұнда АИ-92 маркасы төл ақшамызға шаққанда 270-290 теңге аралығында. Біздің елмен салыстырғанда жүз теңгедей айырмашылық бар. Бұл шекаралас аймақта жанармайдың Қазақстаннан Ресейге заңсыз тасымалданып, елде бензин тапшылығын тудыруы мүмкін дейді.

Айта кету керек, Қазақстан әлемде жанармай бағасы ең арзан елдердің ондығына кіреді. Десе де, кейінгі жылдары әлемде мұнай өнімдері қымбаттап келеді. Бұл үрдістен Қазақстан да шет қалмайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button