Басты

Бизнесті қайта бастау мәселелері бойынша call center іске қосылды

Алматы облысының әкімдігі қажетті кеңес беру және карантиннен кейін шағын және орта бизнес қызметін кезең-кезеңімен қалпына келтіру алгоритмін түсіндіру үшін сall center-ді іске қосты, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, өтінімдер infokazakhstan.kz сайты арқылы қабылданады.

Өтінімдерді қабылдау биылғы жылдың 11-12 тамызына жоспарланған. Нысандарды кезең-кезеңімен ашу 17 тамыздан басталады.

Кәсіпкер сайтта ЭЦҚ арқылы өз объектісін тіркеуден өткізуі қажет. Құрамында әкімдік, СЭҚ, өңірлік кәсіпкерлер палатасы қызметкерлері және қоғам өкілдері бар комиссия тексергеннен кейін бизнес субъектілеріне қызметін қайта бастауға тиісті рұқсат берілетін болады.

Өтінім берер алдында кәсіпкер «Маңызды ақпарат» бөліміне өтіп, қызмет түріне сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық нормалармен танысып, өз ұйымын талаптарға сай келтіруі керек.

Алматы облысының Call center: жұмыс 8(7282)32-95-14;     8(7282)40-10-24;

ұялы +77714677779;

+77772391014;

+77014512521;

+77075631346.

Басқа жаңалықтар

Back to top button