TechБасты

Енді «+77» және «+76» кодтарынан түсетін қоңыраулар «Қазақстан» деп көрсетіледі

Енді «+77» және «+76» халықаралық кодтардан түсетін қоңыраулар «Қазақстан» деп көрсетіледі. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Apple компаниясымен бірге көпшілікті алаңдатқан бір мәселені реттедік – енді «+77» және «+76» халықаралық кодтардан түсетін қоңыраулар «Қазақстан» деп көрсетіледі. Apple өтінішімізді барынша жылдам қарастырып, бізге ықылас танытқанын атап өткім келеді. Сөйтіп iOS 14 қолдайтын iPhone 6 және одан кейінгі құралдардағы аталған проблема шешілді», делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button