Басты
Қазақстанда дәрі-дәрмек сатып алу шектеледі
Бүгінгі баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова елде әр адамға дәрі-дәрмек шектеулі түрде сатылатынын мәлім етті.
«Біз әкімдіктермен және бөлшектік сауда желілері қауымдастықтарымен меморандум жасадық. Яғни бір адамға препарат 2-3 қаптама күйінде, шектеулі түрде сатылатын болды. Себебі ем-дом курсына дәл сонша препарат керек. Үйде препараттар босқа жатып қалмауы керек. Себебі олардың әрқайсысының өз жарамдылық мерзімі бар», — деді Бюрабекова.
Егер бір үйде бірнеше адам ауырып жатса, дәрі-дәрмекті сату жағынан шектеу болмайтынын жеткізді.
«Бұл — дәрігердің рецепті. Дәрігер ем-дом алу үшін тиісті курс бойынша пациентке дәрі жазып береді», — деді ол.