Солтүстік Қазақстан облысында мониторинг тобы коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандарды анықтап, үй карантинінің сақталуын қадағалайды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
Петропавл қаласы прокурорының орынбасары Қайсар Әбішев карантин талаптарының орындалуын қадағалайтын топтың жұмысы туралы айтып берді. Коронавирус инфекциясының әрі қарай таралуына жол бермей, оның ошағын оқшауланады. Мәселен коронавирус, пневмония мен суық тию белгісі бар қала тұрғындарынан карантинді сақтау туралы қолхат алынады. Жақында үй карантинінде отырғандардың қозғалысын бақылау мақсатында мобильді қосымша іске қосылмақ.
«Карантинге алынған адам туралы мәлімет қосымшаға енгізіледі. Науқас арнайы жүйе арқылы бірден мониторинг тобының бақылауына алынады. Мобильді қосымша арқылы үй карантині талаптарының бұзылғаны көрініп, жедел әрекет етуге болады. Науқастың мәліметтері белгіленген карантинді отырып шыққаннан кейін қосымшадан алынып тасталады», – дейді Қайсар Әбішев.
Естеріңізге сала кетейік, үй карантинін бұзғандарға 30 АЕК – 83 340 мың теңге айыппұл қарастырылған. СҚО-да осындай 21 адам анықталып, жазаға тартылды.