Жасұлан Аманжолұлы Сәрсембай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы болып тағайындалды, Бұл туралы elbasy.kz хабарлады.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Жасұлан Аманжолұлы Сәрсембай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы болып тағайындалды», делінген хабарламада.