EducationБасты

Оқу бағдарламасына «Абайтану» оқулығы енгізіледі

Мектеп бағдарламасына «Абайтану» оқулығы мен хрестоматиясы енгізіледі. Бұл туралы жақында ашылған «Abai tv» телеарнасының «Сарасөз» бағдарламасына сұхбат берген Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев мәлім етті.

«Ең негізгі мәселе, Абайдың шығармаларын дүниежүзіндегі өркениетті елдердің 10 тіліне аударып шығардық. Абайтану оқулығы мен хрестоматиясы дайындалып жатыр. ЖОО-ның филология, тарих факультеттеріне міндетті түрде енеді», – деді Қырымбек Көшербаев.

Еске салсақ, Қазақстанда 10 тамыз Абай күні болып белгіленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button