ОПЕК-ке мүше елдердің сарапшылары осындай пікірде. Мамандардың айтуынша, індет салдарынан қара алтынға деген сұраныс 3 есеге қысқарды.
Бұрын әлем елдері тәулігіне шамамен 100 млн баррель мұнай пайдаланса, қазір бұл көрсеткіш 91 млн баррельге дейін азайған.
Халық баламалы қуат көзі мен электромобильді көліктерді кеңінен пайдалана бастады. Қазір Брент маркалы қара алтынның құны барреліне 43 доллардың шамасында.