SocialБасты

Тамыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Тамыз айында қазақстандықтар дәстүрлі түрде Конституция күнін атап өтеді, бұл күні қосымша демалыс беріледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Конституция күні – мемлекеттік мереке және ол 30 тамызда атап өтіледі.

Биыл ол жексенбіге сай келгендіктен, бірінші жұмыс күні де демалыс деп саналады (31 тамыз).

Жалпы, осы жылдың тамыз айында бізде 20 жұмыс күні және 11 демалыс күні бар.

Сонда Конституция күніне арналған бес күндік жұмыс аптасын қосақанда, қазақстандықтар 29, 30 және 31 тамызда демалады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button