Басты

«Абай оқулары» алғаш рет онлайн форматта ұйымдастырылды

Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен қазақтың ұлы ақыны, философ және гуманист Абай Құнанбайұлының 175-жылдық тойын мерекелеу аясында жыл сайын өтетін «Абай оқуларының» 5-ші кездесуі өтті, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Қазақстанның ҚХР-дағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев өзінің алғы сөзінде «Абай оқуларының» қытайлық тарапының қатысушыларына екі ел арасындағы мәдени байланыстарының дамуына қосқан маңызды үлесі үшін алғысын жеткізді. Сонымен қатар, Елші Қытай жерінде Абайдың рухани мұрасын насихаттауға қосқан үздіксіз еңбектеріне профессор Ха Хуанчжан мен жазушы Әкбар Мәжітұлына ерекше ризалығын білдірді.

1

Іс-шараға ҚХР Мәдениет және туризм министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті Еуразия бөлім басшысының орынбасары Гао Чэн, белгілі жазушы, ҚХР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ә. Мәжітұлы, ҚР Ұлттық академикалық кітапханасының бас директоры Үмітхан Мұналбаева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жөніндегі Бейжің шет тілдер университетінің өкілі Х.Қарабаева, сондай-ақ бұқаралық ақпарат өкілдері мен қазақстандық және қытайлық студенттер қатысты.

7

2

Ұлы қазақ ақынын еске алуға арналған «Абай оқулары» жылы және достық атмосферада өтті. Кездесу қатысушылары Абай Құнанбайұлының туындыларын қазақ және қытай тілдерінде орындап, ұлы қазақ ақынының шығармашылығы туралы өз ойларымен бөлісті.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button