Басты

Алматыда студенттер Альянсы коронавирусқа қарсы үндейтін футболка шығарды

Алматылық студенттер альянсы коронавирусқа қарсы үндейтін футболка шығарды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Әлем жұртшылығын әуре-сарсаңға салған пандемияның зардабы біздің елге де ауыртпалығын алып келді. Осы орайда Алматылық студенттер альянсы «Жақыныңа жанашыр бол», «Дәрігерлерге мың алғыс», «Маска тақ», «Арақашықтықты сақта» деген сөздер жазылған бірнеше футболканы нарыққа шығарды. Аталған киім түрін шығаруға жергілікті жас кәсіпкерлер демеуші болып, қолдау көрсетіп келеді.

Алматы студенттер Альянсының төрағасы Жасұлан Қуандықтың айтуынша, футболкалардағы жазу жастардың төтенше жағдайға бейжай қарамауына үндейді.

«Пандемиямен бүкіл дүние жүзі күресіп келе жатыр. Бұдан Қазақстан жастары да тыс қалмай, Алматы студенттер Альянсының атынан коронавирустық инфекциядан сақтануға үндейтін жазулары бар футболкалар шығардық. Осылайша жастарды індетпен күресуге, елдегі кезекті жағдайға салғырт қарамай, бетперде тағып, сақтық шараларын сақтап жүруге шақырамыз. Өзіміз бен жақындарымыз үшін сақ жүрейік!», – дейді Жасұлан Қуандық.

1

Басқа жаңалықтар

Back to top button