Жазушылар одағының бастамасымен және «Ижод» қоғамдық қорының қолдауымен «Donishmand ziyosi» астаналық баспасында Наманган мемлекеттік университетінің профессоры Қодиржон Носировтың «Абайдың даналық сөзі» атты кітабы басып шығарылды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.
Өзбекстан Жазушылар одағы әлем халықтарының әдебиетін зерттеу және насихаттау, осы бағыттағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде.
Бауырлас халықтардың әдебиетін насихаттау мақсатында «Әдебиет достығы – мәңгілік достық» айдарымен шыққан жаңа кітап баршаға ой салады, деп күтілуде.
Биыл Абайдың туғанына 175 жыл толады. Ақын шығармасы тек қазақтың ғана емес, бүкіл Орта Азия халықтарының ағартушылық өмірінде ерекше орын алады.
«Абай шығармашылығы туралы жаңа кітап әдебиетшілер арасында үлкен қызығушылық тудырады. Кітап авторы Қодиржон Носиров бұған дейін де мақалалар жазып, Абайдың өмірі мен қызметі туралы оқу-әдістемелік құралдар жасады. Әдебиетшілердің пікірінше, жаңа туындыда автор деректер негізінде қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихындағы Абайдың рөлін көрсетуге, сондай-ақ ұлы ойшыл мұрасының идеялық-эстетикалық құндылығы мәселелеріне өзіндік көзқарасын білдіруге тырысады»,-дейді автор.
Кітапта Абайдың сөз өнеріндегі жаңашылдығы, қоғам қайраткері ретінде жан-жақты жетілген, толық адам туралы арман-тілектері көрсетілген.