Басты

Түркістан облысында ХҚКО қызметті брондау арқылы көрсетуге көшті

Түркістан облысында қатаң карантиндік шектеу шараларын сақтау мақсатында ХҚКО қызметті алдын ала брондау арқылы көрсетуге көшті. Ордабасы аудандағы орталық осындай жүйеге көшсе, Сайрам ауданында келесі аптадан басталмақ, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Қызмет көрсетудің осы форматына сәйкес, азаматтар қолжетімсіз «қағаз жүзіндегі» қызметтер мен egov.kz порталында онлайн түрде рәсімделген қызметтердің нәтижелерін ала алады. Кезекті egov.kz порталындағы арнайы сервис арқылы, 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып немесе eGovKzBot2.0 Telegram ботының көмегімен брондауға болады.

Түркістан облысындағы халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс істейді. Қызмет алу үшін кезекті сағат 14.30-ға дейін брондау қажет. Одан кейінгі брондалған кезек жарамсыз деп саналады.

Айта кетейік, бүгінде халық арасында кең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер онлайн түрде қолжетімді болып отыр. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Түркістан облысындағы филиалы қызметтерді еgov.kz порталы немесе мобильді қосымшалар арқылы көрсетіп, тұрғындардың денсаулығына жанашыр болуға үлесін қоспақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button