Әлем

Президент Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Мұхаммед пен оның отандастарын Марокко Корольдігінің төл мерекесі – Таққа отырған күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

– Қазақстан мен Марокко арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық бауырлас халықтарымыздың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Мұхаммедтің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Марокко халқына бақ-береке тіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button