Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев экономикалық белсенділікті қолдау мақсатында қаржы нарығын дамытудың қадамдарын атады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz.
«Инвесторларды тарту жұмысы жалғасады. Ол үшін Қаржы министрлігімен бірлесіп 2020 жылы 1 жылдан 3 жылға дейінгі секторда және 2021-2022 жылдары 1 жылдан 5 жылға дейінгі секторда мемлекеттік бағалы қағаздарды (МБҚ) шығаруды қамтамасыз етеді. 2020 жылдың соңына дейін тұрақты негізде 1 трлн теңгеге дейінгі көлемде қысқа мерзімді қағаздарды шығарумен МБҚ-ны шығару кестесіне тиісті өзгерістер енгізілді», – деді Ерболат Досаев.
Бұл Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарын облигациялардың халықаралық индекстеріне енгізу жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді.