Басты

Қазақстанда 74 бала коронавирус инфекциясын жұқтырған

Бүгінгі таңда Қазақстанда 74 бала коронавирус инфекциясын жұқтырды, оның 10-ы ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

«2020 жылғы 2 сәуір мен 7 қазан аралығында елімізде коронавирустық инфекция диагнозы расталған 2 551 бала тіркелген. Бүгінгі таңда COVID-19-бен бір айдан 18 жасқа дейінгі 74 бала ауырады. Олардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында анықталды», – деп хабарлады Қожахметов.

Оның мәліметінше, қазіргі уақытта 10 адам ауруханаға жатқызылды, қалғандары үй карантинінде. 32 балада ауру симптомсыз, 31–нде – жеңіл, 7-нде – орташа ауыр күйде өтуде. Оның ішінде біреуіне бактериялық сипаттағы пневмония, ал екіншісіне тән белгілері бар COVID-19 асқынуы ретінде вирустық пневмония диагнозы қойылған. 46 оқушы мен үш балабақша тәрбиеленушісі бақылауға алынды.

«Денсаулық сақтау министрлігі қалыптасқан жағдайға алаңдаулы және азаматтардан өзіне және айналасындағыларға мұқият болуды – бетперде тағуын, санитайзерлерді пайдалануды және әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұраймыз. Әсіресе, ЖРВИ мен тұмаудың өршуі кезеңінде», – деп атап өтті ресми өкіл.

Басқа жаңалықтар

Back to top button