Жыл бойындағы инфляция деңгейі – 5,4%.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2019 жылғы желтоқсанда инфляция 0,7% құрады (2018 жылғы желтоқсанда – 0,7%). Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды zakon.kz.
Жылдық инфляция 5,4% деңгейінде болып, (2018 жылғы желтоқсанда – 5,3%) нысаналы мақсатты дәліз – 4-6% деңгейі ішінде қалды. Инфляция құрылымына келсек, азық-түлік тауарлары бағасындағы жыл бойындағы инфляция көрсеткіші 9,6% -ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,0% -ға, ақылы қызметтер – 0,7% -ға өсті, делінген хабарламада.
2019 жылғы желтоқсанда халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша келесі жылы күтілетін инфляция көлемі 5,6% деп бағаланды.