Еуроодақ елшілері елордада тал екті
Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігі Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің қолдауымен Қазақстандағы ЕО климаттық дипломатиясы және #EU4GreenKZ акциясы аясында ЭКСПО аумағында ағаш отырғызды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz Егемен Қазақстанға сілтеме жасап.
Дипломаттар ЕО-ға мүше мемлекеттер санын білдіретін 27 көшет, соның ішінде 15 көк шырша және 12 емен ағашын отырғызды. Егілген ағаштар – Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы достық пен «жасыл экономикасы» саласындағы ынтымақтастықтың нышаны болмақ.
«Еуроодақ Қазақстанның орнықты даму жолында жасаған батыл қадамдарын жоғары бағалайды. 2013 жылы Қазақстан «жасыл экономикаға» көшу бойынша жоспарды іске қосты. Бұл Еуропа мен Орталық Азия өңіріндегі ең өршіл жоспарлардың бірі. Біз екіжақты және аймақтық бағдарламамыз арқылы Қазақстанның бұл жетістіктеріне үлес қосқанымызды мақтан тұтамыз. Қоршаған орта мен «жасыл экономика» саласындағы ынтымақтастық – 2020 жылдың наурыз айында күшіне енген Қазақстан мен ЕО арасындағы кеңейтілген әріптeстік пен ынтымақтастық туралы келісімнің басты бағыттарының бірі», деп атап өтті ЕО-ның Қазақстандағы елшісі Свен-Олов Карлссон.
Аталған шараға – ЕО елшісі Свен-Олов Карлсcон, Германия елшісі Тило Клиннер, еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевпен ЕО-ға мүше Қазақстанда тіркелген 21 мүше мемлекеттің елшілері мен жоғары өкілдері қатысты.