Social
Қазақ ұлттық өнер университетінде бір минут үнсіздік жарияланды
Бүгін еліміздің барлық аймағында еңбек ұжымдары мен оқу орындарында бір минут үнсіздік жарияланды, – деп жазады Jana-kezen.kz.
Соның бірі – Қазақ ұлттық өнер университеті. Білім ордасы бақилық болған әріптестерінің рухына тағзым етіп, еңбек жолдарын еске алды.
Университет ректоры, Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсақожаева коронавирустан көз жұмған отандастардың отбасына көңіл айтты.