Басты

13 шілде Жалпыұлттық аза тұту күні

Бүгін – коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алудың жалпыұлттық аза тұту күні.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:00-де бүкіл ел бойынша бір минуттық үнсіздік жарияланады.

Еске салайық, мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 13 шілде Ұлттық аза тұту күні болып жарияланатынын мәлімдеген болатын.

“Көптеген елде жағдай бізден де қиын. Дегенмен “Әр қазақ – менің жалғызым” дегендей, әр азаматымыздың қазасы жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан аталай асылдарымызды жұлып әкетіп жатыр. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтарымыздың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жарияаймын. Бірақ біздің күресіміз жалғаса береді”, – деген еді Тоқаев.

Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус жұқтырды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 59899.  Қайтыс болған 375 адам .

Басқа жаңалықтар

Back to top button