Agro

Қазақстанда 26,9 млн тонна астық бастырылды

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 15,9 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 99,2%-ы жиналды. Нәтижесінде 26,9 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

«Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 3,7 млн тонна майлы дақыл, гектарына 226,3 центнер өнімділікпен 2,9 млн тонна картоп және гектарына 297,3 центнер өнімділікпен 3,8 млн тонна көкөніс жинады.

Атап айтқанда, 333,4 ц/га өнімділікпен 497,5 мың тонна қырыққабат, 429,9 ц/га өнімділікпен 1058,5 мың тонна пияз, сондай-ақ 283 ц/га өнімділікпен 387,7 мың тонна сәбіз жиналды», – делінген хабарламада.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button