PoliticsБасты

Мемлекет басшысы Финляндия Президентімен келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия Президенті Александр Стубб екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Президенті жоғары деңгейдегі жемісті саяси диалог екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыруда маңызды рөл атқаратынына тоқталды.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия басшысының Қазақстанға жасайтын алдағы сапары қос елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық әлеуетін танытуға ықпал ететініне сенімді екенін айтты.

Кездесуде әлемдегі қазіргі геосаяси ахуалға баса мән берілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button