Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Павлодар облысының Екібастұз қаласына барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында моноқалаларды дамыту жөнінде кеңес өткізіп, Президенттік жастар кадр резервінің өкілдерімен кездеседі. Сонымен қатар қаладағы индустриалды кәсіпорындарға баруы жоспарланған.