EconomyБасты

Үкімет пен Ұлттық банк халықты қолдаудың қосымша шаралар пакетін әзірлейді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Ұлттық банкке жағдай ушыққан жағдайдағы халық пен салаларды қолдаудың қосымша шаралар пакетін әзірлеуді тапсырды.

«Біз бизнестің де міндеттемесін бақылауымыз керек. Бірінші кезекте, жұмыс орындары мен айлықтың сақталуына назар аударылуы тиіс. Үкімет пен «Атамекен» бизнес міндеттемесінің цифрлық тұрғыда бақылануы бойынша жұмысты 2 айдың ішінде аяқтауы керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сонымен бірге Президент Үкімет пен Ұлттық банкке жағдай ушыққан жағдайдағы халық пен салаларды қолдаудың қосымша шаралар пакетін әзірлеуді тапсырды.

«Сондай-ақ мемлекеттік қолдау барынша тиімділікке жұмсалуы тиіс. Біз бюджеттік циклда тұрмыз. Қаржылық басымдықтарды айқындайтын мүмкіндік бар. Бастысы – экономика мен жұмыс орындары», – деді ол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button