Agro

Қазақстанда 4,3 млн тонна астық бастырылды

Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында және Шымкент қаласында егін жинау науқаны қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі мәлімдейді.

Министрлікте атап өткендей, жақсы өнімділікті Шығыс Қазақстан, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстары көрсетіп отыр.

«Оперативті мәліметтерге сәйкес, 3 млн гектар дәнді дақыл жиналды, бұл жалпы егіс алқаптарының 18,9%-ын құрайды. 4,3 млн тонна астық бастырылды.

Сонымен қатар, 74,2 мың тонна майлы дақыл, гектарына 243,1 центнер өнімділікпен 636,2 мың тонна картоп, гектарына 289,1 центнер өнімділікпен 1,8 млн тонна көкөніс, гектарына 272,9 центнер өнімділікпен 2 млн тонна бақша дақылдары жиналды», – делінген хабарламада.

Атап айтқанда, гектарына 370,4 центнер өнімділікпен 326,6 мың тонна қырыққабат, гектарына 390,6 центнер өнімділікпен 295,7 мың тонна пияз, гектарына 297,5 центнер өнімділікпен 101,6 мың тонна сәбіз жиналды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button