Social

Алматыда тағы бір көлік жуу орны сүрілді

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы Ахмедияров көшесі, 18/58 мекенжайындағы көлік жуу және сервис орталығының сүрілгені туралы хабарлады

Жоспардан тыс тексеріс барысында жобалық-сметалық құжаттамасыз, авторлық және техникалық қадағалаусыз, бұрынғы ғимаратты бұзып, екі бірқабатты ғимараттың салынып, олар көлік жуу және май ауыстыру бекеті ретінде пайдаланылып жатқаны анықталды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, ғимараттарды бұзу туралы нұсқама берілді.

2024 жылы 16 қаңтарда басқарма Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына аталған нұсқаманы мәжбүрлеп орындату туралы талап арыз берді.

Сот басқарманың талабын қанағаттандырып, 2024 жылы 20 маусымда Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатылы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды», – делінген хабарламада.

Бүгінде сот шешімін орындау мақсатында заңсыз салынған ғимараттарды иесі өзі бұзып тастады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button