SocialБасты

Президент жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды

Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі қасиетті Құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды. Еліміздің мұсылмандары биыл да пандемия жағдайына байланысты құрбандықтарын ҚМДБ ұйымдастырған qurban2021.kz сайты арқылы қашықтан шалдыруда. Сүйіспеншілік пен ізгіліктің, мейірбандық пен қайырымдылықтың мейрамы тағы да құтты болсын!» делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button