EcoБасты

Еліміздің бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктер Қазақстанның 5 облысында ескерту жариялады.

7 шілдеде Ақтөбе облысының кей жерелерінде найзағай болады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болады деп күтіледі. Дауылдың ықтималдылығы 85-90%.

7 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Дауылдың ықтималдылығы 90-95 %.

7-9 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай. Солтүстіктен соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, шаңды дауыл соғуы мүмкін. Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде 41 градус қатты ыстық күтіледі. Дауылдың ықтималдылығы 90-100%.

7 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі, солтүстік-батыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Дауылдың ықтималдылығы 85-90%.

Күндіз 7 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Петропавл қаласында 7 шілдеде түнде және таңертең тұман күтіледі. Дауылдың ықтималдылығы 90-95 %.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button