Еліміздің су қоймаларындағы жағдай қандай?

Министрлік тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр. 8 сәуір күнгі жағдай келесідей:
Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының су қоймаларында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды.
Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 22,69 текше метр, Сілеті су қоймасынан 48,4 текше метр, Шағалалы су қоймасынан секундына 9,38 текше метр су жіберілуде.
Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 315 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 410 текше метр су жіберілуде.
Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 1041 текше метр су жіберілуде.
Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 53,5 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 2 текше метр су жіберілуде.
Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 124,4 текше метр су жіберілуде.
Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 934,4 текше метр, Петропавл су қоймасынан 932,2 текше метр су жіберілуде.