Елімізде көрсетілетін медициналық көмектің көлемін арттыру үшін МӘМС жүйесі енгізілді. Алайда, жұрттың басым бөлігі МӘМС жүйесі бойынша тізімде қандай медициналық көмекке жүгіне алатынын білмейді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесіне не кіретінін және сақтандырылғандардың қандай құқықтары бар екенін айтты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
МӘМС бойынша тізбеде медициналық көмек «сақтандырылған» статусы бар азаматтарға көрсетіледі. Бұл ретте 15 жеңілдік санатындағы 11 млн адамға мемлекет жарна төлейді. Бұл адамдар сақтандырылған және қосымша ақысыз медициналық көмек алуы тиіс.
МӘМС бойынша көрсетілетін медициналық қызметтер тізбесіне мыналар кіреді:
Амбулаториялық жағдайдағы медициналық көмек (ауруларды диагностикалау және емдеу):
скринингтік зерттеулер;
– МСАК дәрігерлерінің жолдамасы бойынша бейінді мамандардың консультациялары;
– ауруларды диагностикалау және емдеу;
– халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысандағы стоматологиялық көмек;
– күндізгі стационар және үйдегі стационар;
– рәсімдер мен манипуляциялар;
Сол сияқты тәулік бойғы стационарда ауруларды емдеу және диагностикалау да қамтамасыз етіледі. Бұл барлық аурулар бойынша медициналық көмек жөнінде, соның ішінде қымбат тұратын оталар, мысалы, кардиологиялық, ортопедиялық, есту органдарына жасалатын операциялар және т.б.
Диагностика және емдеу хаттамаларында көзделген барлық аурулар бойынша медициналық оңалту; скринингтік зерттеулерді, операцияларды және т.б. жүргізу кезінде биоматериал жіберілетін гистологиялық, цитологиялық және басқа да зерттеулерді қамтитын патологиялық-анатомиялық диагностика; транспланттау кезіндегі диагностикалық зерттеулер; дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қамтамасыз етіледі.
«Шұғыл көмек сақтандырылмаған адамдарға да көрсетілетінін білген жөн, өйткені ол ТМККК аясында жүргізіледі. Алайда, медициналық көмек жоспарлы түрде МӘМС-те ұсынылады. Сақтандырылған тұлға мәртебесіне ие бола отырып, пациент медициналық қызметтердің көптеген түріне қол жеткізе алады. Бейінді мамандардың қабылдауы, әртүрлі талдаулар, КТ, МРТ, УДЗ, рентген, ЭКГ секілді құны қымбат зерттеулер, көптеген аурулардың диагностикасы, оңалту қызметтері, жоспарлы операциялар МӘМС тізбесіне кіреді. Яғни, бұрын ақылы негізде көрсетілген қызметтерді сақтандырылған азаматтар қазір тегін ала алады», – деп түсіндіреді Қордың елорда филиалының баспасөз қызметі.
«САҚТАНДЫРЫЛҒАН» статусын алу үшін өткен 12 айдың жарнасын төлеу қажет, ал БЖТ төлеушілерге соңғы айларда, соның ішінде ағымдағы айларда үш рет уақытылы төлем жасалуы жеткілікті. БЖТ төлеушілер үшін сақтандырылу мәртебесі төленген айдың соңғы күніне дейін әрекет ететіндігін есте сақтау қажет, мысалы, егер МӘМС үшін төлем ақпан айында болса, онда 1 наурыздан бастап БЖТ кезекті төлемін жасамаса, адам сақтандырылмайды. Егер ағымдағы кезеңде немесе алдын ала төлем болмаса, мәртебе жоғалады және оны қалпына келтіру үшін БЖТ-да үшінші бірізді төлемнің басталуын қайтадан күтуге тура келеді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтінішті өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы бойынша қалдыруға болады: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Goldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegramдағы SaqtandyryBot.