TechБасты

АҚШ билігі Tik-Tok әлеуметтік желісіне тыйым салуы мүмкін

Мемлекеттік хатшы Майк Помпео Fox News телеарнасына берген сұхбатында америкалық билік Tik-Tok қосымшасын өз аумағында бұғаттау мүмкіндігін қарастыратынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Біз бұл мәселеге жауапкершілікпен қараймыз. Ұялы телефондардағы қытайлық қосымшаларға келетін болсақ, Америка құрама штаттары бұны аяқтамай қоймайды»,  деп жауап берді сұхбат барысында.

Маусым айының соңында Үндістан 59 қытайлық қосымшаларды, соның ішінде Tik-Tok әлеуметтік желісін, UC Browser браузерін және WeChat мессенджеріне тыйым салды. Үндістан билігінің айтуынша, бұл бағдарламалар мемлекеттің егемендігі мен тұтастығына, ұлттық қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігіне зиян келтіреді.

TiK-Tok Қытайдың ByteDance компаниясына тиесілі. Қысқа бейнероликтерді жасап және оны көруге арналған қосымша. 2018 жылы шығарылған сәттен бастап, ол Қытай аумағында көшбасшы болды. Қазіргі таңда бүкіл әлем бойынша танымал қосымшаға айналды. Айта кетерлігі, бұл қосымшаны біздің елде де қолданушылар саны күн сайын артып келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button