Social
Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсету үшін барлық тиісті шара қабылданады – өңір басшысы

Қайғылы оқиғаға байланысты Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков қайтыс болған кеншілердің туған-туыстарына, жақындарына көңіл айтты.
Облыс басшысы атап өткендей, қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсету үшін барлық тиісті шара қабылданады.
«Қайғылы оқиға баршамыздың жүрегімізге ауыр тиді. Бұл жағдай – бірнеше отбасы үшін орны толмайтын қаза.
Қайтыс болған кеншілердің туған-туыстарына, жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Бұл қасірет баршамыз үшін оңайға соққан жоқ.
Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсету үшін барлық тиісті шара қабылданады» – деп жазды облыс әкімі.