Agro

Қызылорда облысында пайдаланылмаған жер телімі мемлекетке қайтарылды

ҚР АШМ Қызылорда облысының Жер ресурстарын басқару департаменті Қазалы ауданында, Әйтеке би кентінде берілген учаскені пайдалану кезінде кәсіпкерлік субъектісіне қатысты жер заңнамасының сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

«Тексеру қорытындысы бойынша 2011 жылдан бастап кәсіпкерлік қызметке арналған жер нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмағаны анықталды. Учаскенің бағалау құны 25 млн теңгені құрады. Бұзушылықты жою мақсатында Департамент оны заңнамалық талаптарға сәйкес келтіру үшін белгіленген мерзіммен нұсқама берді. Алайда қажетті шаралар қабылданбады» – делінген хабарламада.

Министрліктің ақпаратына сай, нұсқаманың орындалмауына байланысты меншік иесі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Сонымен қатар, Департамент жерді мемлекет пайдасына мәжбүрлеп алып қою туралы сот ісін бастады.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талап-арыз толық қанағаттандырылды. Жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды» – деп атап өтті баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button