Education
Алматы облысында Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп жөндеуден өте ме?

«Мемсараптама» РМК «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп» КММ ғимаратын күрделі жөндеу жобасы бойынша оң қорытынды берді, деп хабарлайды Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.
Мектеп Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ащысай ауылында орналасқан. Құрылыс алаңы 1964,02 м2 құрайды.
«Жоба шатырды ауыстыруды, іргетасты, қабырғаларды нығайтуды, ішкі және сыртқы әрлеуді, терезелерді, есіктерді ауыстыруды, жаңа кіру топтарын, спорт және ойын алаңдары, халықтың мобильділігі төмен топтарына арналған тұрақтарын жобалауды жоспарлап отыр.
Тапсырыс беруші – «Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» ММ, бас жобалаушы – «ИКАР-СТРОЙ» ЖШС» – делінген хабарламада.