Social
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ тәркіленді
2025 жылдың басынан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп қаруды іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді
Нәтижесінде 8 «Калашников» автоматы, 25 тапанша, 23 мылтық, 17 граната, әртүрлі калибрдегі 1521 оқ-дәрі табылды және тәркіленді, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
«Көрсетілген қару-жарақтардың 4 бірлігі «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланғаны анықталды.
Осы фактілер бойынша тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде» – делінген хабарламада.