Social

Ақтау қаласында орналасқан 36 гектарға жуық жер мәжбүрлі түрде қайтарылды

ҚР АШМ ЖРБК Маңғыстау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті профилактикалық бақылау барысында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып тексеру арқылы Ақтау қаласының әкімдігі кадастрлық құны-646,1 млн теңге болатын 3 жер учаскесін беру кезінде Жер кодексінің 48 – бабының талаптарын сақтамағанын анықтады, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Департамент тарапынан сот органдарына жер учаскесін мемлекет меншігіне мәжбүрлі түрде қайтару туралы талап-арыз берді.

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Департаменттің талаптары толық қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button