Басты

Қаламаңы жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылады – Есмағамбетова

Ертеңнен бастап қаламаңы жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқталады. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты.

«COVID-19 ауруының бақылаусыз өсуіне жол бермеу және денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесін азайту мақсатында Мемлекеттік комиссия осы жылғы 5 шілдеде 00-00 сағаттан бастап 14 күндік қатаң шектеу карантиндік шараларын енгізу туралы шешім қабылдады», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. Осыған байланысты 3 шілдеде ҚР ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 44-ші қаулысы шықты.

«Қаулыға сәйкес, өңірлер арасында әуе қатынастарының саны мен рейстер жиілігі арттырылмай сақталады. Жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдау қысқартылады. Қаламаңы жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылады. Жолаушылардың жалпы вагондары жасақталмайды», – деді Айжан Есмағамбетова.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button