Астанада «Қазақ Тазы» тұқымына арналған монопородалық көрме өтті
Астанада барлық тұқымдағы иттерге арналған «Ишимские зори – 2024» атты халықаралық көрме өтті, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
Көрме аясында Қазақстан кинологтар одағы Қазақ Тазы тұқымды иттердің монопородалық көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің басты оқиғасы «Қазақ Тазы» тұқымындағы үздік итті таңдау болды, бұл шараның маңыздылығы мен ерекшелігін атап көрсетеді. Сондай-ақ, көрме барысында текті анықтамасы жоқ иттердің иелері олардың иттерін тексеріп, өлшету мүмкіндігіне ие болды. Нәтижесінде олардың питомниктері халықаралық үлгідегі алғашқы (тіркеу) тектілік куәлігін алуға үміттене алады.
Көрменің мақсаты Қазақ Тазы тұқымын насихаттау болып табылады, бұл тұқымның халықаралық мойындалуына, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық мұрасы мен мәдениетін ілгерілетуге маңызды қадам болып саналады.