«Атлантикалық циклонның жырасы Қазақстан аумағы бойынша батыстан шығысқа қарай жылжи отырып, өзімен бірге жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюін, сондай-ақ солтүстік жартысында ауа температурасының көтерілуін әкеледі. Оңтүстік өңірлер биік жотаның әсерінде болады, ол жауын-шашынсыз күн шуақты ауа райын әкеледі», делінген хабарламада.