Eco

Солтүстік Арал теңізіне өткен жылмен салыстырғанда 12,5 есе артық су келіп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов «Әйтек» су торабын аралап, Солтүстік Арал теңізіне су жіберу жұмыстарымен танысты

Қазіргі уақытта Солтүстік Аралға секундына 75 текше метрге дейін су жіберілуде. Былтыр секундына 6 текше метр су келген болатын, деп мәлімдейді министрліктің баспасөз қызметі.

«Бүгінде Сырдария өзені арқылы Қызылорда облысына секундына 650 текше метр су келіп жатқандықтан осындай нәтижеге қол жеткізілді. Өзбекстан және Қырғызстанмен бірлескен жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда, су жіберу кестелері бекітіліп, қазіргі таңда келісімге сай су келіп жатыр. Сондай-ақ жергілікті шаруа қожалықтарымен де кездестім. Егіс алқаптарын суару үшін қажетті су жеткілікті мөлшерде»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button