Education
Еліміздегі барлық мектептің жанында ата-аналарды қолдау орталықтары ашылды
ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Саламатты мектеп» жобасын жүзеге асырды. Бұл жоба еліміздің 2000-нан астам мектебінде қолға алынып отыр. Ол әрбір білім алушының жеке гигиенасын сақтауға байланысты сауаттылығын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ Қазақстанда «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» іске асып жатыр. Бұл шаралар жайында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтып берді.
Оның айтуынша, бұл бағдарлама ата-аналар, балалар мен педагогтар арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін жүргізілуде.
«Осы бағдарламаның аясында ата-аналарды қолдау орталықтары барлық 7 жарым мың мектептің жанынан ашылды. Бұл орталықтың мақсаты не? Қандай да бір ата-анаға өзіндік бір педагогикалық, психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету мақсатында ашылған. Және де педагогтар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты барынша нығайту», – деді спикер.
Жоба бір жыл бұрын іске қосылды. Осы уақытта ол жақсы нәтиже көрсетті. Бұл орталықтарда даналық мектебі, жеңгелер мектебі, аналар мен әелер мектебі жұмыс жасап жатыр.