Business

Елімізде бизнес үшін электр энергиясына тарифтер төмендетілді

Тарифті төмендету ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттері жақында (2024 жылғы 1 сәуірден бастап) электр энергиясымен жабдықтау қызметтеріне реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың лицензияларының қолданылуын тоқтата тұрғаннан кейін мүмкін болды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгінде тұтынушылардың кепілдік беріп жеткізушілерге көшу процесі жүріп жатыр. Бұл кепілдік беріп жеткізуші көрсететін қызметтер көлемінің ұлғаюына, сәйкесінше еліміздің 13 өңірінде тарифтердің төмендеуіне ықпал етті.

Жалпы, атқарылған іс-шаралардың арқасында 129 060 шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы үнемдеуі айына 1,7 млрд теңгеден астам соманы құрады.

Айта кету керек, өңірлердегі тарифтердің айырмашылығы электрмен жабдықтаудағы әртүрлі схеманың болуымен және Бірыңғай сатып алушының сату бағасы мен сатып алынған электр энергиясына, электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығына, энергия беруші және өткізу ұйымдарының тарифтеріне, жеткізілетін электр энергиясының көлеміне және басқа да тариф құрылымына байланысты түсіндіріледі.

Тұтынушыларға арналған тарифтердің деңгейі де дифференциацияға байланысты. Бұл ретте, еліміздің өңірлеріндегі тұрғындар үшін тарифтер деңгейі өзіндік құннан төмен болып белгіленді.

Жалпы, жүргізілген жұмыстың нәтижелері ШОБ субъектілерін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу кезінде қолдауға мүмкіндік береді. Бұл шағын және орта бизнес субъектілерінің тауарлар мен қызметтерді өткізу кезіндегі шығындарын төмендетуде халыққа жанама оң әсерін тигізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button