Басты

385 мың адам несие алудан бас тартты

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Кизатов Олжас Қазақстанда несиеден өз еркімен бас тартқан адамдарға қатысты түсінік берді.

«Биыл ақпан айында заңнаманың тиісті нормасы күшіне енді. Қазір 385 мың қазақстандық несиеден ерікті түрде бас тарту құқығын пайдаланды. Сонымен қатар банктер мен микроқаржы ұйымдарына жауапкершіліктің қосымша талаптарын қарастырдық. Егер олар бұрын өз еркімен бас тартқан адамға несие берген болса, онда банктер мен микроқаржы ұйымдары бұл қарыздарды міндетті түрде оны есептен шығаруы тиіс. Бұл ретте, кредиттік бюро жүйесінде бұл адамдарға қатысты теріс мәліметтерді жоюға міндетті», – деді Олжас Қизатов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, егер қаржы ұйымдары жағынан талаптарды орындамау деректері болса, осы мәліметтер жайында агенттікке хабарлауға шақырды. Бұл тұрғыда осы қаржы ұйымдарына қатысты қадағалау шаралары қолданылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button