PoliticsБасты

Мемлекет басшысы «follow the money» қағидаты туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте қылмыстық жолмен алынған мүлікті іздестіру және тәркілеу ісіне баса мән беруді тапсырды.

«Қылмыстық жолмен алынған мүлікті іздестіру және тәркілеу ісіне баса мән берген жөн. Мұны «follow the money» қағидаты дейді. Қылмыстық жолмен алынған дүние-мүлікті тәркілеу жөніндегі бұлжымас қағидат сыбайлас жемқорлыққа қатысты кез келген іс-әрекеттен аулақ болуға ынталандыруға тиіс. Бұл жұмысты Агенттік қаржы мониторингі органдарымен бірлесіп атқаруы керек», – деді Қ.Тоқаев.

Бұдан бөлек, Президент қылмыстық процестің үш буынды моделі енгізіліп жатқанына, мұндай модель айыптаушылық ұстанымды бәсеңдетіп, қылмыстық процеске заңсыз араласуды болдырмайтынына тоқталды.

«Агенттікке өз қызметін қылмыстық процестің үш буынды моделіне бейімдеуді тапсырамын. Жалпы, халықаралық озық тәжірибені ескеріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды енгізуді жалғастыра берген жөн. Қоғам, бизнес және инвесторлар сыбайлас жемқорлық қысымынан сақтайтын мықты қорған бар екенін сезінуге тиіс. Жаңа басшы Агенттік жұмысының тиімділігін одан әрі арттыра түседі деп сенемін. Еңбектеріңіз жемісті болсын!»,-деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button