Ерұлан Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды» – делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, 2020 жылы ол қаржы министрі болып тағайындалған еді.